Ақын, аудармашы Шөмішбай Сариев — 80 жыл
Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі №1 Ш.Мұртаза ат ындағы мектеп-гимназиясының оқушыларының қатысуымен «Қаламы жүйрік ақын» атты таным сағаты өтті.
Мақсаты: Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын әрі аудармашы Шөмішбай Сариевтің шығармашылығын насихаттау, оның әдеби мұрасын жас ұрпаққа таныстыру, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетке сүйіспеншілігін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
