1 қазан – Халықаралық қарттар күні
Жуалы аудандық орталық кітапханасының абонемент бөлімі және көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар бөлімінің ұйымдастыруымен кітапхана оқырмандары Қ.Сарыбаев, О.Ғаниева, аудандық ардагерлер үйінің мүшелері К.Дәуренов, А.Ералиев, Н.Нұрқасымовтың қатысуымен «Қариялар қастерлі қазынамыз» атты кездесу кеші өтті.
Мақсаты: Көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ұлттық тәлім — тәрбиені бойына сіңірген, кішіпейіл, иманды, мейірімді, еңбекқор тұлғаны тәрбиелеу.
