1 мамыр — ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ
Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында №3 Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушылары, кітапхананың тұрақты оқырмандары және “Мерей” қызығушылық клуб мүшелерінің қатысуымен «Қазақстан — достықтың киелі бесігі“ атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы — еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту, Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін жете түсіндіру, мәңлілік бейбітшілікті, Отанды сүюге, достық, ұлтжандылық, ұлтаралық қарым қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.
