Жуалы аудандық орталық кітапхананың көзі көрмейтін және әлсіз көретін бөлімінің кітапханасышы М.Темірбаева бөлімнің тұрақты оқырмандары А.Қаңтарбаев, М.Заурбеков, Ж.Ташенов, А.Ташенов, У..Джабагиева, Д.Нартаева, Ж.Көпбаев, С.Еламанов және Б.Жолдасбековтың қатысуымен «Тифло әлемі, сіздерді шақырады» тақырыбында кітапханаға саяхат өтті.
Мақсаты: Көзі көрмейтін және әлсіз көретін бөлімінің оқырмандарына кітапхана қорына келіп түскен жаңа әдебиеттерді толыққанды таныстыру, жаңадан түскен кітаптарды оқырмандардың оқуы мен пайдалануына жан-жақты ықпал жасау, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
