«Тілеу көже»

⚜️16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Жуалы аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған «Тілеу көже» атты тағылымды іс-шара өтті.
⚜️Іс-шара барысында халқымыздың сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін салт-дәстүрлер кеңінен насихатталып, келген қонақтарға ұлттық тағам ұсынылып, ақ баталар берілді.
⚜️Бұл тағылымды жиынның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіріп, ата-баба мұрасына деген құрмет пен тағзымды арттыру, ұлттық болмысымызды жаңғырту болды.