«Қаламмен кешкен тағдыр»

📍Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 2026 жылы ақын жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафоны» ұйымдастырылуда.
📍Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасы қазақтың белгілі жазушысы, прозашысы және әдебиет қайраткері Бексұлтан Нұржекеев 85 жасқа толуына орай «Қаламмен кешкен тағдыр» атты әдеби кеш өтті. 📍Кеш барысында №11 Т.Тастандиев атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушылары қаламгер Б.Нұржекеевке арнаған жүрекжарды өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. «Томирис» би тобы қазақтың ұлттық биі – «Қамажайды» нақышына келтіре орындап, сахнаның сәнін келтірсе, №2 Балалар өнер мектебінің оқушылары «Сал күрең» күйін шеберлікпен орындап, көпшілік ықыласына бөленді. Кештің көркемдік мазмұнын ән-жырмен өрнектеген С. Ережеп «Отан», А. Мадиярқызы «Тәуелсіздік» әндерін орындаса, Жаңатап ауылдық кітапханасының әдіскері А. Алтайбекова «Арыс жағасында» әнін шырқап, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
📍Кітапханашы Н. Пакеева көрермендерді Б. Нұржекеевтің шығармашылығына арналған арнау өлеңдерімен таныстырып, қаламгердің өмірі мен әдеби мұрасын насихаттауға бағытталған «Қаламы қуатты қаламгер» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Кітап көрмесіне жазушының шығармалары мен өмір жолынан сыр шертетін әдебиеттер қойылып, оқырмандарға қаламгер мұрасын тереңірек танып-білуге мүмкіндік берілді.
📍Кеш соңында кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Ш.Каниева, іс шараға қатысқан оқырмандарға алғысын білдіріп, Алғыс хаттармен марапаттады.