Жазушы Сайын Мұратбеков — 90 жыл
Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Ұлттық рухты ұлықтаған қаламгер» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Жазушы Сайын Мұратбековтың шығармашылығын насихаттау, оның әдеби мұрасын жас ұрпаққа таныту, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
