«Жаңа кітап — жаңа әлем»

⚜️Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Жаңа кітап — жаңа әлем» атты дөңгелек үстел өтті.

⚜️Мақсаты: оқырмандарды кітапхана қорына жаңадан түскен әдебиеттермен таныстыру, олардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және оқырман мәдениетін қалыптастыру. Жаңа кітаптардың мазмұны мен тәрбиелік, танымдық маңызын насихаттай отырып, қатысушылардың өзара пікір алмасуына, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға және рухани дүниесін байытуға ықпал ету.

#Жуалы ОКЖ