ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасы балалардың жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында «Жазғы демалыс — кітаппен бірге» атты жобасы аясында «Жетітөбе” бөбекжай балабақшасының “Қарлығаш” тобы бүлдіршіндерінің қатысуымен ертегі оқу сағатын өтті.
Мақсаты: Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы кішкентай оқырмандардың тілін, сөздік қорын молайту. Бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілік пен шындыққа, ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу. #ЖуалыОКЖ
