Қазақ ғарышкерінің ғарышқа ұшқанына – 35 жыл!
Жуалы ауданы, Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында қазақ ғарышкерінің ғарышқа ұшқанына 35 жыл толуына орай «Ғарыш айлағы» атты калейдоскоп іс-шарасы өткізілді.
Мақсаты: Ұшқыш-ғарышкерлер мен мемлекет қайраткерлерінің өмірі мен қызметін таныстыру, олардың Қазақстанның ғылымы мен ғарыш саласының дамуына қосқан үлесін насихаттау. Оқушылардың ғарыш әлеміне деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке, ел мақтаныштарын құрметтеуге тәрбиелеу және ғылыми білімге деген құштарлығын қалыптастыру.