Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі Нұрлыкент ауылдық кітапханасында кітапханаың тұрақты оқырмандарының қатысуымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы, көрнекті суретші Шәкен Ниязбековтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында “Көк тудың желбірегені — Шәкен Ниязбеков мұрасы» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Шәкен Ниязбековтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқушыларға ұлттық рәміздеріміздің маңызын түсіндіру, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу және мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін қалыптастыру.
