«Жақсылық жасауға асығайық»

💙 «Жақсылық жасауға асығайық» қайырымдылық акциясы

📚 Аудандық орталық кітапханада мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсету, олардың қоғамға бейімделуіне ықпал ету және мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында дәстүрлі «Жақсылық жасауға асығайық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады.

✨ Бұл игі шара ерекше қажеттіліктері бар балалардың мәдени ортаға араласуына, кітап әлемі арқылы рухани дамуына және өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне мүмкіндік береді. Акцияның басты мақсаты – балаларға қуаныш сыйлап, қамқорлық таныту, олардың жүрегіне жылулық ұялату және қоғамда ізгілік пен жанашырлықты насихаттау.

✨Осы қайырымдылық акциясы аясында Қаржаубаевтар отбасының қос ұлдары Әділхан мен Асылханға қолдау көрсетіп, оларға қуаныш сыйлау, қамқорлық таныту және қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу көзделеді.

❤️ Жақсылық жасау – жүректің ісі. Әрбір бала бақытты болуға лайық!

#ЖақсылықЖасауғаАсығайық #Қайырымдылық #ЖуалыОКЖ