«Жақсылық жасауға асығайық» қайырымдылық акциясы
Аудандық орталық кітапханада мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсету, олардың қоғамға бейімделуіне ықпал ету және мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында дәстүрлі «Жақсылық жасауға асығайық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады.
Бұл игі шара ерекше қажеттіліктері бар балалардың мәдени ортаға араласуына, кітап әлемі арқылы рухани дамуына және өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне мүмкіндік береді. Акцияның басты мақсаты – балаларға қуаныш сыйлап, қамқорлық таныту, олардың жүрегіне жылулық ұялату және қоғамда ізгілік пен жанашырлықты насихаттау.
Осы қайырымдылық акциясы аясында Қаржаубаевтар отбасының қос ұлдары Әділхан мен Асылханға қолдау көрсетіп, оларға қуаныш сыйлау, қамқорлық таныту және қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу көзделеді.
Жақсылық жасау – жүректің ісі. Әрбір бала бақытты болуға лайық!
#ЖақсылықЖасауғаАсығайық #Қайырымдылық #ЖуалыОКЖ
