ӘКЕЛЕР КҮНІ
Әке – отбасының асқар тауы, шаңырақтың берік тірегі. Оның мейірімі мен қамқорлығы, ақылы мен өнегесі әр баланың жүрегінде мәңгі сақталады. Әке – күштің, сенімнің және сүйіспеншіліктің символы.
Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасы «Әке отбасы тірегі» тақырыбында кездесу кешін ұйымдастырды.
Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, балаларын басқа да қырларынан тани отырып болашақта неге икемдеу керек екенін бақылау, Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екенін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту, ата-ана қадірін түсіне білуге баулу. #ЖуалыОКЖ
