“Туған жер тұғырың” атты кітабын Теріс, Бақалы, Қосбөлтек, Көктөбе ауылдық кітапханаларына сыйға тартты. Кітаптың тұсауын кітапхананың тұрақты оқырманы Жанымбаев Есмырза Бекболатұлы кесіп, авторға шығармашылық табыс пен зор денсаулық тіледі. Көкбастау ауылдық округінің әкімі Сейтаев Малік Берікұлы өз сөзінде Аташбек Әмірқұлұлының туған өлкенің тарихын зерделеп, оны кітап етіп жарыққа шығару арқылы өскелең ұрпаққа құнды мұра қалдырғанын атап өтті. Сондай-ақ «Туған жер тұғырың» кітабының туған жердің өткені мен бүгінін танып-білуге ықпал ететін маңызды еңбек екенін айтып, авторға шынайы ризашылығын білдіріп, шығармашылық табыс пен зор денсаулық тіледі. Кітапхана ұжымы Аташбек Әмірқұлұлына акцияға белсенді қатысып, ауыл кітапханаларының қорын құнды туындымен толықтырғаны үшін алғысын білдірді.
Мұндай игі бастамалар кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып, жас ұрпақтың туған жер тарихын танып-білуіне үлкен үлес қосатыны сөзсіз.
