«Ақын және азамат»

📍 Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 2026 жылы ақын-жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа кеңінен таныту мақсатында «15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафоны» ұйымдастырылуда.
📍 Жуалы ауданы, Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында көрнекті ақын, жазушы, қоғам қайраткері, лингвист-ғалым, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына орай «Ақын және азамат» атты әдеби портрет өтті.
📖 Іс-шара барысында Білім Ордасы жекеменшік гимназия мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Ы.Ниетпек «Мен таңсықпын» өлеңін оқыса, №30 Көктөбе орта мектебінің 5-сынып оқушылары М.Ниетбек «Нағыз дос!», Н. Жаңабайұлы «Ойхой, нөсер!», А. Бектемір «Семсер», А. Жұмахан «Ант» өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
🎶 Әдеби-сазды кеште Е. Ескендір «Домбыра» күйін орындап, Н. Оспанғали «Мен қазақпын», Ж. Оразбай «Ана» әндерін шырқап, өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар қатысушылар назарына «Олжастың азаматтығы» атты көрініс ұсынылды.
📚 Кітапханашы Б. Жидебаева «Қаламы қуатты, ойы өр ақын» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарды ақынның шығармаларымен танысуға және кітап оқуға шақырды.
✨ Іс-шараны аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Каниева Шарифат қорытындылап, белсенді қатысқан оқырмандарға алғысын білдіріп, марапаттар табыстады.
📍Мақсаты: ұлы ақынның шығармашылық мұрасын насихаттау, жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, ұлттық рух пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру.