Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық кітапханасында №10 Күреңбел орта мектебінің 10-сынып оқушыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы, көрнекті суретші Шәкен Ниязбековтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Қазақ аспанының түсін таңдаған суретші» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Мақсаты: Шәкен Ниязбековтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқушыларға ұлттық рәміздеріміздің маңызын түсіндіру, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу және мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін қалыптастыру. #ЖуалыОКЖ
