Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев — 95 жыл
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасы №21 Дмитрий Пахомов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушылары мен қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Сейтбекова Гүлжанның қатысуымен «Мұқағали Мақатаев — поэзия тұлпары» атты поэзияларына шолу кеші өтті.
Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, түсіндіру, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндерін көпшілік назарына ұсыну, оқушылардың өлеңге, әнге деген ынтасын арттыру, мәнерлеп оқуға үйрете отырып, оқушылардың жан-жақты ойлануын, ізденуін дамыту.





