«Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен батыр»

 Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында №26 Жаңаталап орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен батыр» атты патриоттық сағат өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Рықымжан Қошқарбаевтың өмірі мен ерлігі туралы мәлімет беріп, жас ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеп, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
                           

«Қазақ әдебиетінің ақсұңқары»

Ақын, жазушы, қоғам, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында №18 Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты әңгіме өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, еңбегін үлгі ете отырып елін, жерін сүюге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

 

                           

«Мейірім шуағы»

10 қазан-Мүгедектігі бар адамдар күні

Жуалы аудандық орталық кітапхананың көзі көрмейтін және әлсіз көретін бөлімі Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы Жуалы ауданының білім бөлімінің психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Мейірім шуағы» атты ізгілік сағатын ұйымдастырды. Кеш барысында кітапханашы Замира Тұрғанбаева оқырмандарды қызықты кітаптармен таныстырып, балалардың көңілін көтеру мақсатында сый-сияпатын табыстады.

 

                               

«Әдебиет мақтанышына айналған алып»

Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың туғанына 100 жыл

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Әдебиет мақтанышына айналған алып» атты кітап бенефисі өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Әбдіжәміл Нұрпейісов туралы ақпарат беру, шығармаларына деген сезімдерін қалыптастыру, патриоттық сезімін ояту, ерлікке, елін жерін сүюге, Отанын қорғауға және Ұлт намысын қорғаған батырларды құрметтеу мен ұлықтауға тәрбиелеу.

 

                               

«Кітап-сарқылмас қазына»

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасында №5 Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Кітап-сарқылмас қазына» атты ақпарат сағаты өтті.

Мақсаты: Жас ұрпаққа білімнің кітап арқылы берілетінін, адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасын түсіндіру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге құштарлығын ояту.

 

                                     

«Мейірімділік мекені»

10 қазан-Мүгедектігі бар адамдар күні

Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасы Жуалы аудандық мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және бейімдеу орталығының қызметкерлері Нұрбала Аликова, Сандигүл Аманбаева, Зиба Ильясова және атаулы орталықтың тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Мейірімділік мекені» атты мейірімділік сағатын ұйымдастырды. Кеш барысында балалар кітапханасының кітапханашысы Жансая Олжабай оқырмандарды қызықты кітаптармен таныстырып, балалардың көңілін көтеру мақсатында сый-сияпатын табыстады.

 

                                   

«Балалар әдебиетінің жанашыры»

«БІР ЕЛ-БІР КІТАП» акциясы 2024 жыл
Бердібек Соқпақбаев — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, еңбек сіңірген қайраткері, XX ғасырдың көрнекті жазушыларының бірі.
Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында №6 Александр Пушкин атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Балалар әдебиетінің жанашыры» атты әдеби әшекей кеш өтті.
Мақсаты: Көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын жыл бойына кең көлемде насихаттай отырып, көпшілік жұмыстар және кітап көрмесі арқылы оқырмандарды кітап оқуға тарту.
                                       

«Әдебиет мақтанышына айналған алып»

Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың туғанына 100 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе орта мектебінің 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Әдебиет мақтанышына айналған алып» атты портреттік кеш өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Әбдіжәміл Нұрпейісов туралы ақпарат беру, шығармаларына деген сезімдерін қалыптастыру, патриоттық сезімін ояту, ерлікке, елін жерін сүюге, Отанын қорғауға және Ұлт намысын қорғаған батырларды құрметтеу мен ұлықтауға тәрбиелеу.

 

                               

 

«Қалам мен ғалам»

«Кітап — қазына» жобасы
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек, Бақалы ауылдық кітапханаларының ұйымдастыруымен жазушы, журналист Мақұлбек Рысдәулеттің туғанына 75 жыл толуына орай «Қалам мен ғалам» атты әдеби кеш өтті. Кеш барысында №30 Көктөбе орта мектебі оқушылары Ниетбек Ықылас, Абдамбай Ырыс, Аллаберген Айғаным, Қалдыбай Елдар, Сман Әли, Базарбай Ернар патриоттық өлеңдер оқып, Қалдыбай Раяна «Отан» әнін нақышына келтіріп орындады. Бақалы ауылдық мәдениет үйінің мамандары Ералиев Шыңғысхан «Ана-Әке», Ордабекова Мира «Саржайлау» әндерін орындады. Қосбөлтек ауылдық кітапханасының әдіскері Толқын Балтабай, Бақалы ауылдық кітапханасының әдіскері Сағыныш Қайсарбекова Мақұлбек Рысдәулеттің «Жуалы» кітабынан өлеңдер оқыды. Қосбөлтек ауылдық кітапханасының кітапханашысы Пернебек Гүлвира Мырзахан Ахметтың «Дидарына тамсанам» өлеңін мәнерлеп оқып, «Қалам мен ғалам» әдістемелік құрал, «Шерағаң жақсы көрген Мақұлбек» библиографиялық көрсеткіш, «Ел майталманы-Мақұлбек!» атты ауызша журналына шолу жасады. Бақалы ауылдық кітапханасының кітапханашысы Күлзипа Ережепова «Өлке тарихын зерделеуші» атты кітап көрмесіне шолу жасап, кітап инсталляциясына шолу жасады. Кешті Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары Жұманова Айжан Әбділқызы қортындылап, қатысқан оқырмандарды алғыс хатпен марапаттады.
                    
                    

«Сықақшы ақын — Шона Смаханұлы»

Сатирик, ақын Шона Смаханұлының туғанына 100 жыл

Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасы №10 Күреңбел орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Сықақшы ақын — Шона Смаханұлы» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Ш.Смаханұлының шығармашылығы мен өмірі жайында түсінік беру, жас ұрпақтың еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.