

Жазушы, драматург Медеу Сәрсекеев — 90 жыл
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасы №21 Д.Пахомов атындағы орта мектебінің 3 сынып оқушылары және сынып жетекшісі П.Абаханованың қатысуымен «Қазақтың дара дарыны» атты шығармаларына шолу өтті.
Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург Медеу Сәрсекеевтің өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, оқырмандарға қаламгердің қазақ әдебиетіндегі орны мен еңбегін таныстыру, жас ұрпақты отансүйгіштікке, рухани құндылықтарды қадірлеуге баулу, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев — 95 жыл
Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі Нұрлыкент ауылдық кітапханасы “Қазақ поэзиясының Хантәңірі” атты мәңерлеп оқу сағатын өтті.
Мақсаты: Қазақ поэзиясының хантәңірі атанған ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ақындық талантын шәкірт бойына ұялату, ақын өлеңдері арқылы Отанға, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, отаншылдыққа тәрбиелеу.

Қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нүрпейсова — 165 жыл
Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасы «№1 Балалар өнер мектебі» домбыра тобының қатысуымен «Күй күмбірі — құдірет» атты өнер сағаты өтті.
Мақсаты: Күйші Дина Нүрпейсованың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, ұлттық күй өнерінің құндылығын таныту, жас ұрпақтың қазақ халқының мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыру, өнерге, музыкаға құрмет сезімін қалыптастыру.
Ақын Әмина Шалабаева — 110 жыл
Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Тәттібай Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасында «Өмірі — өнеге, еңбегі — үлгілі Әмина» атты ақпарат сағаты өтті.
Мақсаты: Ақын, жазушы Әмина Шалабаеваның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, жас ұрпаққа оның әдеби мұрасын таныта отырып, отансүйгіштікке, адамгершілікке және ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу.

«ЕЛ БОЛЫП ОҚИМЫЗ» акциясы
Жамбыл Жабаев – қазақ халқының ұлы ақыны, жыр алыбы
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасында «Жыр алыбы — Жамбыл» атты әдеби гротекс сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беру, жырларына деген қызығушылық пен сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту, елін, жерін сүюге, Отанын қорғауға, ұлттық рухты қастерлеуге тәрбиелеу.


Қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нүрпейісова — 165 жыл
Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Сұрым ауылдық модельді кітапханасы «Күй анасы — Дина» атты ақпарат сағатын оқырман назарына ұсынады.
Мақсаты: Күйші Дина Нүрпейісованың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, ұлттық күй өнерінің құндылығын таныту, жас ұрпақтың қазақ халқының мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыру, өнерге, музыкаға құрмет сезімін қалыптастыру.
Ақын, жазушы Әдібай Табылды — 100 жыл
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Шыңбұлақ ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Жүректен маржан іздеген» атты әдеби кеш өтті.
Мақсаты: Ақын, жазушы Әдібай Табылдының өмірі мен шығармашылығын таныту, оның қазақ әдебиетіндегі орнын насихаттау, оқырмандардың әдебиетке қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу.

Ақын, жазушы Әдібай Табылды — 100 жыл
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасы “Ғасыр толғанысы” атты бейнетүсірілімді назарларыңызға ұсынады.
Мақсаты: Ақын, жазушы Әдібай Табылдының өмірі мен шығармашылығын таныту, оның қазақ әдебиетіндегі орнын насихаттау, оқырмандардың әдебиетке қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу.