2026 ЖЫЛ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖЫЛЫ
Жуалы аудандық орталық кітапханасы №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушыларының қатысуымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Жасанды интеллект дамуы — жаңа стратегиялық мақсаттар» атты диспут өтті.
Мақсаты: Ауыл шаруашылығын цифрландыру, заманауи технологияларды енгізу, еңбек өнімділігін арттыру және агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту мәселелері сөз болды. Жолдауда көтерілген міндеттерді іске асыру ел экономикасының дамуына және ауыл халқының әл-ауқатын жақсартуға зор мүмкіндік беретіні атап өтілді.






