«Әдебиеттегі әлемі бөлек Әдібай»

Ақын, жазушы Әдібай Табылды — 100 жыл

Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасында «Әдебиеттегі әлемі бөлек Әдібай» атты таным сағаты өтті.

Мақсаты: Ақын, жазушы Әдібай Табылдының өмірі мен шығармашылығын таныту, оның қазақ әдебиетіндегі орнын насихаттау, оқырмандардың әдебиетке қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу.

 

                    

 

 

“Күй анасы Дина”

Қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нүрпейсова — 165 жыл

Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасында “Күй анасы Дина” атты өнер сағаты өтті.

Мақсаты: Күйші Дина Нүрпейсованың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, ұлттық күй өнерінің құндылығын таныту, жас ұрпақтың қазақ халқының мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыру, өнерге, музыкаға құрмет сезімін қалыптастыру.

 

“Әдебиеттегі әлемі бөлек жазушы”

Ақын, жазушы Әдібай Табылды — 100 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында “Әдебиеттегі әлемі бөлек жазушы” атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Ақын, жазушы Әдібай Табылдының өмірі мен шығармашылығын таныту, оның қазақ әдебиетіндегі орнын насихаттау, оқырмандардың әдебиетке қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу.

 

                        

 

Жаңа әдебиеттер топтамасы

Жаңа әдебиеттер топтамасы
 Жуалы аудандық орталық кітапханасында жаңа кітаптарға арналған шолу ұйымдастырылды. Кітапхана қоры мазмұны бай, оқырман көңілінен шығатын тың туындылармен толығуда.

Бүгін — жазушы Саттар Ерубаевтың (1914-1937 жж.) туған күні.

Бүгін — жазушы Саттар Ерубаевтың (1914-1937 жж.) туған күні.
Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында туған. Ол Қазақстан жазушылары одағының I съезіне делегат болып қатысып, одақтың мүшелігіне алғаш қабылданғандардың бірі.
Шығармалары: Менің құрдастарым. Роман. Новеллалар. Балладалар мен өлеңжырлар. Публицистика. Сатиралық суреттемелер мен пародиялар. Сын мақалалар. Естеліктер, түсіндірмелер.

«Туған жерін жырлап өткен»

Қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нүрпейсова — 165 жыл

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Туған жерін жырлап өткен» атты өнер сағаты өтті.

Мақсаты: Күйші Дина Нүрпейсованың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, ұлттық күй өнерінің құндылығын таныту, жас ұрпақтың қазақ халқының мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыру, өнерге, музыкаға құрмет сезімін қалыптастыру.

 

«Дарабоз талант иесі»

Жазушы Жақау Дәуренбеков — 80 жаста

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Шыңбұлақ ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Дарабоз талант иесі» тақырыбында әдеби панорама өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Жақау Дәуренбековтың өмірі мен қызметін таныстыру, оқуға, білімге, адамгершілікке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау.

 

                                 

«Күй анасы — Дина»

Қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нүрпейсова — 165 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырманы Ескендір Ердәулеттің қатысуымен «Күй анасы — Дина» атты өнер сағаты өтті.

Мақсаты: Күйші Дина Нүрпейсованың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, ұлттық күй өнерінің құндылығын таныту, жас ұрпақтың қазақ халқының мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыру, өнерге, музыкаға құрмет сезімін қалыптастыру.

 

«Талғат Мұсабаев — қазақтың тұңғыш ғарышкері»

Ұшқыш-ғарышкер, мемлекет қайраткері Талғат Мұсабаев — 75 жыл

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Тәттібай Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасында «Талғат Мұсабаев — қазақтың тұңғыш ғарышкері» атты таным сағаты өтті.

Мақсаты: Ұшқыш-ғарышкер, мемлекет қайраткері Талғат Мұсабаевтың өмірі мен еңбегін таныстыру, оның Қазақстан ғылымы мен ғарыш саласына қосқан үлесін насихаттау. Оқушылардың ғарыш әлеміне деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке, ел мақтаныштарын құрметтеуге тәрбиелеу, ғылыми білімге ұмтылысын қалыптастыру.

 

           

 «БІР ЕЛ – БІР КІТАП» республикалық акциясы – 2026

 «БІР ЕЛ – БІР КІТАП» республикалық акциясы – 2026
Қадірлі кітапсүйер қауым!
2026 жылы дәстүрлі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ел болып көрнекті жазушы Қабдеш Жұмаділовтің терең мағыналы «Тағдыр» романы оқуға таңдалып алынды.
Ұлт тарихы мен адам тағдырын арқау еткен бұл шығарма әрбір оқырманды терең ойға жетелейді.
📖 Баршаңызды рухани бастамаға қолдау білдіріп, кітапты бірге оқуға шақырамыз!
🔸 Кітап оқиық – саналы қоғам құрайық!
🔸 Бір кітап – мың ой.
🔸 Оқыған ұлт – озық ұлт.