




18 қазан — Рухани келісім күні
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасы ауыл тұрғындары және ақ жаулықты аналардың қатысуымен «Адамның көркі — имандылық» атты имандылық сағаты өтті.
Мақсаты:Оқырмандарға имандылық пен адамгершіліктің мәнін түсіндіру, ізгілікке, мейірімділікке, адалдыққа, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастырып, әдептілік пен ізеттілікті бағалай білуге баулу. #Жуалы ОКЖ

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасында кітапханаың тұрақты оқырмандарының қатысуымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы, көрнекті суретші Шәкен Ниязбековтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында “Шәкен Ниязбеков — қыл қалам ғұмыр» атты виртуалдық көрме өтті.
Мақсаты: Шәкен Ниязбековтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқушыларға ұлттық рәміздеріміздің маңызын түсіндіру, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу және мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін қалыптастыру. #ЖуалыОКЖ


Жазушы Сайын Мұратбеков — 90 жыл
Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Ұлттық рухты ұлықтаған қаламгер» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Жазушы Сайын Мұратбековтың шығармашылығын насихаттау, оның әдеби мұрасын жас ұрпаққа таныту, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Жазушы Сайын Мұратбеков — 90 жыл
Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандардың қатысуымен «Сайын даланың сайып қыраны» атты әдеби алаң өтті.
Мақсаты: Жазушы Сайын Мұратбековтың шығармашылығын насихаттау, оның әдеби мұрасын жас ұрпаққа таныту, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
