«Өз құқығыңды білгенің — дұрыс өмір сүргенің»

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында №18 Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінің 5-6 сынып оқушыларының қатысуымен «Өз құқығыңды білгенің — дұрыс өмір сүргенің» атты құқық сағаты өтті.

Мақсаты:Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, қоғамдағы құқық бұзушылықпен күресу мәселелері жөнінде мемлекеттік органдармен ынтымақтастық орнату және жасөспірімдермен жасалатын тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алу.

 

                               

 

 

Жазушы, журналист Бекет Әбділдәұлы 70 жаста

Момынқұл Бекет Әбділдәұлы 1955 жылы Бурное стансасында туған. ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Жамбыл ауданының «Шұғыла» газетінде редактордың орынбасары, одан кейін аудандық партия комитетінде нұсқаушы, Байзақ аудандық «Село жаңалығы» газетінде редактор қызметтерін атқарды. Облыстық партия комитетінде жұмыс істеді. Облыстық «Знамя труда» газетінде редактордың орынбасары, редактор болып қызмет етті. Сондай-ақ облыстық әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы Жамбыл облыстық филиалының директоры, «Знамя труда» газетінде редактордың орынбасары болып қызмет атқарды. Бүгінгі таңда облыстық «Знамя труда» газетінің бас редакторы. Ол еңбек жолында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне-10 жыл» және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» медальдарымен марапатталған. Бекет Әбділдәұлының Бауыржан Момышұлы туралы «Подвиг продолжается» атты кітабы жарық көрген.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

«Мақал-мәтелдер — көненің көзі, дананың сөзі»

Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасында «Мақал-мәтелдер — көненің көзі, дананың сөзі» атты зияткерлік ойыны өтті.
Мақсаты: Оқырмандарды мақал-мәтелдер айту арқылы көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету, ой-өрісін кеңейту. Қазақ әдебиетін құрметтеуге, өз тілін мақтан етуге тәрбиелеу. Өз ойларын әдеби тілде жеткізе білуге баулу, ой жүйріктігін дамыту.
                                 

«Білімді ұрпақ”

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасы «Білімді ұрпақ” қызығушылық клуб мүшелері, Боралдай ауылдық округінің жастар ісінің нұсқаушысы Е.Пошановтың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық — саяси құбылыс» тақырыбында буклеттер таратты.

Мақсаты: Оқырмандарға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, сыбайлас-жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау жəне əділдікке тəрбиелеу.

 

                                  

«Өршіл рухтан – өлмес ерлік туады»

«ӨРШІЛ РУХТАН – ӨЛМЕС ЕРЛІК ТУАДЫ» ДАНАЛЫҚ САҒАТЫ
«Ел болып оқимыз» жобасы аясында Жуалы ауданы Б.Момышұлы атындағы музейде Ұлы Отан соғысы жылдарында ел мен жер үшін от кешкен батыр, тірісінде аты аңызға айналған қазақтың жауынгер ұлы, қолбасшы, ерліктің ерен үлгісі Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына орай «Өршіл рухтан – өлмес ерлік туады» атты даналық сағаты өтті.
Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аты аңызға айналған баһадүр батыр Бауыржан Момышұлы – тау тұлға.
Іс-шараны Жуалы аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері «Жуалы» әнімен бастаса, батырдың өмір жолы, сұрапыл соғыс жылдарындағы жанқиярлық ерлігі, өжеттігі мен өрлігі, алғырлығы мен көрегендігін, бастан кешкен оқиғаларын, өмір жолын және шығармаларын Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейтхан Шералыұлы және орынбасары Ералиев Абдуғали, аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Нұрқасымов Нуриддин айтты. Батыр бейнесінің әр қыры оның өз шығармаларынан анық байқалады.
Кітапхана қызметкерлері батыр Бауыржан атамыздың шығармаларына дайындаған кітап көрмесіне шолу жасап, сондай-ақ №2 Мыңбұлақ орта мектебінің оқушылары батырдың «Ұшқан ұя» повесінен сахналық қойылым қойды.
«Жаңа өмір» аудандық газетінің журналисті, ақын Нұржан Дербісәлі батырға арнауын арнап, көрермендердің патриоттық сезімін оятса, Ғали Мирас «Жалғызым қазақ», Есенбай Дінәсіл «Мен қазақпын» әндерін шырқады.
Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Жаңарып, жаңғырып, халықтың жадынан шықпай мәңгі айтыла береді.

«Нағыз тұлға туралы толғаныс»

Жазушы Рамазан Тоқтаровтың туғанына 90 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Нағыз тұлға туралы толғаныс» тақырыбында әдеби кеш өтті.

Мақсаты: Жас ұрпаққа Р.Тоқтаровтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оқырмандарға ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу.

 

                                            

«Отбасы — Отанымыздың ошағы»

Отбасы күні 

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасы №30 Көктөбе орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Отбасы — Отанымыздың ошағы» атты ақпарат сағаты өтті.

Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, отбасы — Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқырмандарды бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру.

 

                             

«Үлкен әлемге жол ашатын — кітап»

«Жамбыл облысында 2025 жыл — «Кітап оқу жылы» жобасы

Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасы орталық саябақта «Үлкен әлемге жол ашатын — кітап» атты библиодесант өтті.

Мақсаты: Кітап және оқырман арасындағы байланысты нығайтып, мәдени-рухани құндылықтарды қоғамға жан-жақты насихаттау, интеллектуалды жастарды ынталандыру.

 

                      

 

 

«Мен оқыған бір кітап»

«Жамбыл облысында 2025 жыл — «Кітап оқу жылы» жобасы

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Мен оқыған бір кітап» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Кітап және оқырман арасындағы байланысты нығайтып, мәдени-рухани құндылықтарды қоғамға жан-жақты насихаттау, интеллектуалды жастарды ынталандыру.

«Тарих қазынасы — ұлт құндылығы»

Алтын Орда мемлекетінің құрылғанына 755 жыл

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасы №26 Жаңаталап орта мектебінің 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Тарих қазынасы — ұлт құндылығы» атты тарих сағатын өтті.

Мақсаты: Алтын Орданың құрылу тарихы, жүргізген саясаты, қазақ даласының тарихында алатын орнын, құндылықтарын насихаттау.