«Арғымақтар даласы»

⚜️ Ақын Күләш Ахметова — 80 жыл

⚜️Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Арғымақтар даласы» атты ақпараттық-библиографиялық шолу өтті.

⚜️ Мақсаты: Оқушыларды ақын шығармаларымен таныстыру, өз Отанын суйе білуге, адамгершілікке , мейірімділікке, сөз өнерін, тілді құрметтеуге, поэзияға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

#ЖуалыОКЖ

 

                        

«Ақын сөзінің құдіреті»

⚜️Ақын, драматург, сазгер Бәкір Тәжібаев — 100 жыл

⚜️Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасы №26 Жаңаталап орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Ақын сөзінің құдіреті» атты дөңгелек үстел өтті.

⚜️Мақсаты:Оқырмандарды Бәкір Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесін насихаттау, оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.

#ЖуалыОКЖ

 

                       

“Поэзия мен прозадағы нәзік үн”

📖 🌸”Поэзия мен прозадағы нәзік үн ”Ақын Күләш Ахметова — 80 жыл”
📖 🌸 Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Сұрым ауылдық модельді кітапханасы “Поэзия мен прозадағы нәзік үн” атты жыр кешін оқырман назарына ұсынады.
📖 🌸Мақсаты: Күләш Ахметова өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру. Ақынның өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын түсіндіру. Оқырмандарға көркем мәтінді талдау қабілетін дамыту. Ана тіліне, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

«Даламдай дарханым, теңіздей тереңім»

⚜️Ақын, аудармашы Шөмішбай Сариев — 80 жыл

⚜️Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Шыңбұлақ ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Даламдай дарханым, теңіздей тереңім» атты таным сағаты өтті.

⚜️Мақсаты: Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын әрі аудармашы Шөмішбай Сариевтің шығармашылығын насихаттау, оның әдеби мұрасын жас ұрпаққа таныстыру, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетке сүйіспеншілігін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

#ЖуалыОКЖ

                

 

«Ғұмыр дастан»

⚜️Ақын Шәрбану Құмарова — 90 жыл

⚜️Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасында №44 Бақалы бастауыш мектебінің 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Ғұмыр дастан» атты әдебиеттеріне шолу өтті.

⚜️ Мақсаты: Оқушыларды ақынның шығармаларымен таныстырып, Отанды, елін, жерін сүюге баулу. Адамгершілікке, мейірімділікке, тілді құрметтеуге шақыру. Поэзияға деген қызығушылықтарын арттыру.

#ЖуалыОКЖ

 

                       

 

 

«Кәсіпкерлік адамзаттың, қоғамның тірегі»

🔸 «Кәсіпкерлік — адамзаттың, қоғамның тірегі»

🔸Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасы ауылдың жас кәсіпкерлерінің қатысуымен «Кәсіпкерлік адамзаттың, қоғамның тірегі» тақырыбында кездесу өтті.

🔸Мақсаты: Оқырмандарды еңбексүйгіштікке, шаруақорлыққа, іскерлікке үнемді болуға тәрбиелеу. Жас ұрпақтың еңбек түрлері туралы білімдерін кеңейту, ұғымдарын қалыптастыру.

#ЖуалыОКЖ

 

               

 

 

“Қазақтың дарабоз дарыны”

📚 «БІР ЕЛ – БІР КІТАП» республикалық акциясы – 2026
2026 жылы дәстүрлі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ел болып көрнекті жазушы Қабдеш Жұмаділовтің терең мағыналы «Тағдыр» романы оқуға таңдалып алынды.
⚜️Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында №3 Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен “Қазақтың дарабоз дарыны” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
⚜️Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Қабдеш Жұмаділовтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оқуға, білімге, адамгершілікке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау. Ұлт тарихы мен адам тағдырын арқау еткен бұл шығарма әрбір оқырманды терең ойға жетелейді.
                    

«Жырлары жүректі жалғаған»

⚜️Ақын, аудармашы Шөмішбай Сариев — 80 жыл

⚜️Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасында №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Жырлары жүректі жалғаған» атты ақпарат сағаты өтті.

⚜️Мақсаты: Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын әрі аудармашы Шөмішбай Сариевтің шығармашылығын насихаттау, оның әдеби мұрасын жас ұрпаққа таныстыру, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетке сүйіспеншілігін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

 

                             

«Кітапханашы — руханияттың шамшырағы»

⚜️23 СӘУІР — ҰЛТТЫҚ КІТАП ЖӘНЕ КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІ

⚜️Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Кітапханашы — руханияттың шамшырағы» тақырыбында мерекелік кездесу кешін ұйымдастырды. Кештің шымылдығын кітапхананың жас мамандары «Кітапхана» әнімен ашса, кітапхана оқырмандары «Жүр досым, кітапханаға» әнімен жалғастырды. №15 Ә.Бөкейхан атындағы тірек мектеп-гимназиясының оқушысы Ғ.Мирас «Ұлы дала», «Ардақ бэнд» вокалдық инструментальді ансамблі «Қалаға жауын», «Еске алу», кітапханашылар Ж.Аймағамбетова «Ризамын», А.Алтайбекова «Атамекен», С.Манат «Кітапханашылар» арнау өлеңі, кітапхана оқырманы А.Алтынбек «Жаным ана», кітапхана директоры А.Асилбеков, қызметкер Б.Жаулыбаев «Арман» әндерін орындады. Шара барысында кітапхана ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, олардың ұзақ жылғы еңбегі мен кітапхана саласының дамуына қосқан үлесі ерекше аталып өтті.

⚜️Кеш барысында рухани құндылықтар, кітаптың адам өміріндегі маңызы, кітапханашының қоғамдағы рөлі туралы тағылымды ойлар айтылып, мазмұнды пікір алмасу өтті. Көрермендер әсерлі әндер мен жүрекке жеткен жырларды тыңдап, ерекше көңіл-күйге бөленді. Кеш соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, кітап пен кітапханаға деген сүйіспеншілікті арттыру жолындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.

#ЖуалыОКЖ #ұлттықкітапкүні

 

                                

“1986 жыл: Чернобыль”

💥26 сәуір — Чернобыль атом электр стансасында орын алған адамзат тарихындағы алапат оқиғасына 40 жыл

💥Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен “1986 жыл: Чернобыль” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

💥Мақсаты: Оқырмандарға Чернобыль апатының себептері мен салдарын түсіндіру, экологиялық қауіпсіздік туралы білімдерін кеңейту, табиғатты қорғауға және жауапкершілікке тәрбиелеу, тарихи оқиғалардан сабақ алуға баулу.

#ЖуалыОКЖ