“Теңіз тудырған талант”

⚜️Ақын, аудармашы Шөмішбай Сариев — 80 жыл

⚜️Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында “Теңіз тудырған талант” атты таным сағаты өтті.

⚜️Мақсаты: Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын әрі аудармашы Шөмішбай Сариевтің шығармашылығын насихаттау, оның әдеби мұрасын жас ұрпаққа таныстыру, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетке сүйіспеншілігін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

 

              

«Ұлт рухының жыршысы»

⚜️Жазушы, аудармашы Зейтін Ақышев — 115 жыл

⚜️Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе кітапханасы №30 Көктөбе орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Ұлт рухының жыршысы» атты шығармаларына шолу өтті.

⚜️Мақсаты: Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы әрі аудармашы Зейтін Ақышевтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оның әдеби мұрасын жас ұрпаққа таныстыру. Сонымен қатар оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, туған ел әдебиетіне деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру.

 

                   

“Әр кітап жаңа әлем”

🔰23 СӘУІР — ҰЛТТЫҚ КІТАП ЖӘНЕ КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІ
🔰Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасы “Әр кітап жаңа әлем” тақырыбында кітаппен жүздесу өтті.
🔰Мақсаты: Кітап пен кітапхананың қоғамдағы маңызын насихаттау, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, білім мен рухани құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ кітапхананың қызметімен кеңінен таныстыру.

«Әлемдік жауқарлар сізбен бірге»

🔰23 СӘУІР — ҰЛТТЫҚ КІТАП ЖӘНЕ КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІ
🔰Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасы №22 Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Әлемдік жауқарлар сізбен бірге» атты поэзия сағаты өтті.
🔰Мақсаты: Кітап пен кітапхананың қоғамдағы маңызын насихаттау, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, білім мен рухани құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ кітапхананың қызметімен кеңінен таныстыру.
                             
⚜️«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы
⚜️Жуалы ауданы әкімдігі
ің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 2025 жылы ақын жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафоны» ұйымдастырылуда.
⚜️Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылды балалар кітапханасының кітапханасының ұйымдастыруымен ұлы ұстаз, ағартушы, педагог, жазушы Ыбырай Алтынсаринның 185 жыл толуына орай «Кел, балалар, оқылық!» атты әдеби кеш өтті. Кеш барысында №2 Мыңбұлақ орта мектебінің оқушылары И.Дәулетбай, ақынның өмірбаяны, А.Азамат, Н.Сәтбай, К.Туребай «Кел, балалар, оқылық», С.Мырзабай «Әй жігіттер», Н.Нұрмахан «Жаз» өлеңдері, С.Бердібек «Бақша ағаштары», Н.Нұрмахан «Бір уыс мақта» әңгімелерін оқыса, М.Беркімбай, А.Жаһанкерім жазушының шығармасынан алынған терең тәрбиелік мәні бар «Бай баласы мен жарлы баласы» атты қысқаша көрінісімен бөлісті. №30 Көктөбе орта мектебінің оқушысы А.Алғашбай «Жүр досым кітапханаға» әнін шырқап өзінің өнерін ортаға салды. Кітапханашы Г.Егеубаева «Ыбырай Алтынсарин» әдістемелік құрал, «Кел, балалар, оқылық» атты библиографиялық көрсеткіш, «Ыбырай салған сара жол» атты кітап инсталляциясымен таныстырды. Кеш соңында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйсінің директорының орынбасары А.Жұманова кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Ш.Қаниева белсене қатысқан оқырмандарға алғыс білдіріп, марапаттады.

«Әмір-Темір — тарихтағы көрнекті тұлға»

⚜️Қолбасшы, мемлекет қайраткері Әмір-Темір — 690 жыл

⚜️Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасы «Әмір-Темір — тарихтағы көрнекті тұлға» тақырыбында бейнебаянды назарларыңызға ұсынады.

⚜️Мақсаты: Әмір-Темірдің тарихи тұлғасын таныту, жастардың тарихқа қызығушылығын арттыру және отансүйгіштікке тәрбиелеу

 

«Өрісті өлкенің — қарымды қаламгері»

🔰23 СӘУІР — ҰЛТТЫҚ КІТАП ЖӘНЕ КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІ
🔰Жуалы аудандық орталық кітапханасы кітап апталығы аясында Қайрат ауылының тұрғыны, зейнеткер, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданның құрметті азаматы, «Өмір жолы», «Өкінбеймін» кітаптарының авторы К.Құрмашев, Ә.Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицейінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Өрісті өлкенің — қарымды қаламгері» тақырыбында ақынмен кездесу ұйымдастырды.
🔰Мақсаты: Кітап пен кітапхананың қоғамдағы маңызын насихаттау, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, білім мен рухани құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ кітапхананың қызметімен кеңінен таныстыру.
                               

«Мен әлемді жүрегіммен сеземін»

⚜️Жуалы аудандық орталық кітапхананың көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған бөлімінің кітапханашысы М.Темірбаева кітапхананың тұрақты оқырмандары А.Қаңтарбаев, Ж.Көпбаев, М.Заурбековтың қатысуымен «Мен әлемді жүрегіммен сеземін» тақырыбында дыбыстандырылған әдебиеттерді тыңдатты.
⚜️Мақсаты: көз жанарынан айырылған және әлсіз көретін азаматтардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, дауыстап оқу арқылы әдебиетке жақындату, тактильді сезіну қабілеттерін дамыту, қоғамдық ортаға бейімделуіне қолдау көрсету,
рухани байлық пен өмірге деген сенімді нығайту.
                      

«Халық ақыны Сәттіғұл Жанғабылұлы»

⚜️Ақын Сәттіғұл Жаңғабылұлы — 150 жыл

⚜️Жуалы аудандық орталық кітапханасы №29 М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Халық ақыны Сәттіғұл Жанғабылұлы» атты жыр кеші өтті.

⚜️Мақсаты: Ақын Сәттіғұл Жаңғабылұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оның қазақ әдебиетіндегі орнын дәріптеу, оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру және рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау.

#ЖуалыОКЖ

 

«Ұлы дала ақыны — Жамбыл Жабаев»

⚜️Ақын Жамбыл Жабаев — 180 жыл

⚜️Жуалы аудандық орталық кітапханасында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Жанабаев, аудандық кітапхана директоры Қ.Асилбеков, аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет лейтенанты Д.Батыралы, ішкі саясат бөлімінің «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың қатысуымен «Ұлы дала ақыны — Жамбыл Жабаев» атты портрет кеші өтті.

⚜️Мақсаты: Оқырмандарға жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен қызметін таныстыру, оқуға, білімге, адамгершілікке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау.

#ЖуалыОКЖ