«Қазақ көтерілістері — азаттық мұрасы»

«Поэзия жауhары»
Ақын Күләш Ахметова — 80 жыл
«Жазушымен бір күн» жобасы
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасында №16 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушыларының қатысуымен «Поэзия жауhары» тақырыбында жыр сандық өтті.
Мақсаты: Оқушыларды ақын шығармаларымен таныстыру, өз Отанын суйе білуге, адамгершілікке , мейірімділікке, сөз өнерін, тілді құрметтеуге, поэзияға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

«Жырмен жүрек тербеген»
Ақын Күләш Ахметова — 80 жыл
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Жырмен жүрек тербеген» атты ақпарат сағат өтті.
Мақсаты: Оқушыларды ақын шығармаларымен таныстыру, өз Отанын суйе білуге, адамгершілікке , мейірімділікке, сөз өнерін, тілді құрметтеуге, поэзияға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

«Қазақтың дарабозы»
Жазушы, қоғам қайраткері Қабдеш Жұмаділов — 90 жыл
Жуалы ауданы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі «Қазақтың дарабозы» тақырыбында бейнебаянды назарларыңызға ұсынады.
Мақсаты: Жазушы еңбектерін көрерменге таныстыру, оның туындыларындағы тарихи шындық пен ұлттық рухты көрсету, және көрерменнің әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
“Кітап — білім бұлағы”
«Өлке құндылығы — ұрпаққа мұра»
Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасы №3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Өлке құндылығы — ұрпаққа мұра» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.
Мақсаты: Оқырмандарға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру. Жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғатты қорғай білуге, оны аялауға тәрбиелеу.
«Саңырақ батыр ізімен»

«Ұшқан ұя ұлағаты»
«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Көлбастау ауылының тумасы Бауыржан Момышұлына арналған «Ерлігі мен өрлігі биік — Бауыржан» атты авторлық жоба аясында Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Ұшқан ұя ұлағаты» тақырыбында ақпарат сағатын өтті.
Мақсаты: Аңызға айналған даңқты қаһарманы туралы мағұлмат беру, батырдың азаматтық, ерлік істерін айту,шығармалары және қанатты сөздерімен таныстыру, жастардың бойына патриоттық сезім қалыптастырып, Отанды сүюге тәрбиелеу, батырдың биік тарихи тұлғасын тереңірек тану, оның өнегелі өмірін, ерлігін бүгінгі ұрпаққа кеңінен үлгі ету.

«Қазақтың ханы — Абылай»
Қазақ хандығының көрнекті билеушісі, мемлекет қайраткері Абылай хан — 315 жыл
Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Қазақтың ханы — Абылай» атты тарих сағаты өтті
Мақсаты: Оқырмандарға Абылай хан өмір тарихын, қазақ әдебиеті мен тарихында алатын орны туралы, шешендік өнері туралы мағлұмат беріп, білімділікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
