«Алтын Орда — ежелгі өркениет естелігі»

Алтын Орда мемлекетінің құрылғанына 755 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Алтын Орда — ежелгі өркениет естелігі» атты дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Алтын Орданың құрылу тарихы, жүргізген саясаты, қазақ даласының тарихында алатын орнын, құндылықтарын насихаттау.

 

                                 

 

«Бабалар салған сара жол»

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА — 560 ЖЫЛ

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында №3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Бабалар салған сара жол» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты: Жас ұрпаққа қазақ хандығының құрылғанына 560 жыл толуына орай жалпы түсінік беру, қазақ хандары, билері және батырлары жайында түсініктерін кеңейту, өз елін сүюге, қастерлеуге, қорғауға тәрбиелеу.

 

                         

 

 

“Өсімдік өмір — өзегі”

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасы “Өсімдік өмір — өзегі” тақырыбында бейнебаянды оқырмандар назарына ұсынады.

Мақсаты: Оқырмандарға табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру.

 

 

 

 

«Мәдени мұра — ұлы мақсаттың бастауы»

МӘДЕНИ МҰРА — МӘҢГІ МИРАС

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында «Бабалар сөзі — ақылдың көзі» мақсатты бағдарлама аясында №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Мәдени мұра — ұлы мақсаттың бастауы» тақырыбында ақпарат сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар — біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру, тілдік, сөздік қорларын молайту, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру.

 

                                     

 

 

«Тарих қазынасы — ұлт құндылығы»

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА — 560 ЖЫЛ

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасы №26 Жаңаталап орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Тарих қазынасы — ұлт құндылығы» тақырыбында тарих сағатын өтті,

Мақсаты: Жас ұрпаққа қазақ хандығының құрылғанына 560 жыл толуына орай жалпы ақпарат беру, қазақ хандары, билері және батырлары жайында түсініктерін кеңейту, өз елін сүюге, қастерлеуге, қорғауға тәрбиелеу.

                               

 

«Әжемнің ертегілері» жобасы

«Әжемнің ертегілері» жобасы
Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Солтыбаева «Күреңбел» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі Ж.Таубалдиеваның қатысуымен «Балауса» орта тобының бүлдіршіндеріне «Қызыл телпек» ертегісін оқып берді.
Мақсаты: Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы кішкентай оқырмандардың тілін, сөздік қорын молайту. Бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілік пен шындыққа, ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
                                 

«Қазақ хандығы тарихы: құрылуы, өрлеуі»

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА — 560 ЖЫЛ

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасы №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен тақырыбында тарих сағатын өтті,

Мақсаты: Жас ұрпаққа қазақ хандығының құрылғанына 560 жыл толуына орай жалпы ақпарат беру, қазақ хандары, билері және батырлары жайында түсініктерін кеңейту, өз елін сүюге, қастерлеуге, қорғауға тәрбиелеу.

 

                                      

 

 

«Қазақ руханиятының кесек тұлғасы»

Жазушы Мұхтар Мағауиннің туғанына 85 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасы №30 Көктөбе орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақ руханиятының кесек тұлғасы» атты әдеби танымдық кеш өтті.

Мақсаты: Жас ұрпаққа М.Мағауиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оқырмандарға ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу.

 

                             

Біздің міндетіміз — егемен елдің Жамбылын жаңа қырынан таныту»

Жуалы аудандық орталық кітапхананың көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған бөлімінің кітапханашысы З.Тұрғанбаева кітапхананың тұрақты оқырманы М.Болдыбайдың қатысуымен «Жанарсызда жарық әлем» тақырыбында «Жамбыл-Тараз» қалалық қоғамдық-саяси газетінде жарық көрген А.Өзбековтың «Біздің міндетіміз — егемен елдің Жамбылын жаңа қырынан таныту» атты мақаласын дауыстап оқу арқылы ақпарат беруде.

 

                       

 

 

«Қарымды қаламгер»

Жазушы Мұхтар Мағауиннің туғанына 85 жыл

Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі №1 Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Қарымды қаламгер» тақырыбында ақпараттық шолу жасады.

Мақсаты: Жас ұрпаққа М.Мағауиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оқырмандарға ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу.