Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің Жуалы ауданы бойынша теолог маманы Р.Абделиев және ауыл тұрғындарының қатысуымен “Діни тәрбие — рухани даму негізі” атты имандылық сағаты өтті.
Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, ауыл тұрғындарына қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыру.
