Кең байтақ даланы мекен еткен қазақ халқының ең қастерлі әрі қасиетті ұлттық музыкалық аспабы – домбыра. Домбыраның қоңыр үні халқымыздың тарихын, тағдырын, салт-дәстүрі мен рухани болмысын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан баға жетпес асыл мұра.
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Домбыра — асыл мұра» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Балаларға қазақтың ұлттық аспаптары жайлы мағлұмат бере отырып, Қазақтың басқа да аспаптарының әр атауларын айтқыза отырып тілдерін дамыту, өз ұлтына, қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейту, өз дәстүрін сүйіп өсуге тәрбиелеу.