Кең байтақ даланы мекен еткен қазақ халқының ең қастерлі әрі қасиетті ұлттық музыкалық аспабы – домбыра. Домбыраның қоңыр үні халқымыздың тарихын, тағдырын, салт-дәстүрі мен рухани болмысын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан баға жетпес асыл мұра.
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Күмбірле, қоңыр домбыра» атты өнер сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқырмандарды қазақ халқының күй өнерімен және ұлы күйшілерінің мұрасымен таныстыру, ұлттық өнерге деген қызығушылықты арттыру, рухани тәрбие беру және ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу.