Кең байтақ даланы мекен еткен қазақ халқының ең қастерлі әрі қасиетті ұлттық музыкалық аспабы – домбыра. Домбыраның қоңыр үні халқымыздың тарихын, тағдырын, салт-дәстүрі мен рухани болмысын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан баға жетпес асыл мұра.
Жуалы ауданы Сұрым ауылдық модельді кітапханасы «Домбыра – қазақтың жаны» атты ақпараттық сағатты назарларыңызға ұсынады.
Мақсаты: Оқырмандарға ұлттық домбыраның тарихы мен рухани құндылығын насихаттау, ұлттық өнерге деген құрметті арттыру, халықтың мәдени мұрасын дәріптеу, жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды қадірлеуге, өнер мен дәстүрді қастерлеуге тәрбиелеу.