«Ұлттық музыканың ұлы аспабы-домбыра»

🪕 ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ
⚜️ Кең байтақ даланы мекен еткен қазақ халқының ең қастерлі әрі қасиетті ұлттық музыкалық аспабы – домбыра. Домбыраның қоңыр үні халқымыздың тарихын, тағдырын, салт-дәстүрі мен рухани болмысын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан баға жетпес асыл мұра.
⚜️Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Ұлттық музыканың ұлы аспабы-домбыра» атты өнер сағаты өтті.
⚜️Мақсаты: Балаларға қазақтың ұлттық аспаптары жайлы мағлұмат бере отырып, Қазақтың басқа да аспаптарының әр атауларын айтқыза отырып тілдерін дамыту, өз ұлтына, қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейту, өз дәстүрін сүйіп өсуге тәрбиелеу.