Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 2025 жылы ақын жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафоны» ұйымдастырылуда.
Жуалы ауданы Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі Нұрлыкент ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің мұзбалағы, XX ғасырдың ең көрнекті лирик ақыны, жазушы және аудармашы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай “Поэзия менімен егіз бе едің? атты әдеби-әуенді кеш өтті. Кеш барысында №5 М.Ломоносов атындағы орта мектебінің оқушылары М.Сағындық “Шыда”, А.Нұрғали “Үш бақытым”, Н.Қуандық “Сәби ана”, С.Құдайберген “Шеше сен бақыттысың”, К.Даярбек “Поэзия”, К.Жамал “Ғашықпын”, Г.Рахматулла “Отан”, С.Есен “Соғады жүрек” өлеңдерін мәнеріне келтіріп оқыса, Г.Бахытжанқызы, Ә.Сапарәлі, А.Сәулетбек, А.Өтесін, А.Жақып, М.Тұрдымұрат, А.Тәжібай, А.Дамирқызы, Н.Тілубай, А.Өмірәлі ақынның “Аққулар ұйықтағанда” атты поэмасынан көрініс көрсетті. «Шабыт» балалар би үйірмесінің “Ақ желкен” би тобы тобы «Болашақ бомба», Адай” тобы “Қырғыз” биін билесе, мәдинет үйінің маманы Х.Жұпмағамбетова “Нұр жауып тұрған көктемде”, Нұрлыкент ауылдық кітапханасының әдіскері Ф.Смайлова “Жолыққан қандай жақсы”, М.Тұрдымұрат, А.Сәулетбек, Ә.Сапарәлі “Бақыт деген” әндерін нақышына келтіре орындады.
Кітапханашы А.Бегалиева “Поэзия алыбы Мұқағали” атты кітап көрмесіне шолу жасап, «Қазақтың мұзбалық ақыны» ауызша журнал, «Мұқағали Мақатаев — мәңгілік ғұмыр» библиографиялық көрсеткіш, «Мұқағали Мақатаев — қазақ поэзиясының ақиығы» әдістемелік құрал және кітап инсталляциясымен таныстырды. Кеш соңында кітапхана директорының орынбасары А.Жұманова, кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Ш.Каниева іс шараға қатысқан оқырмандарға алғысын білдіріп, Алғыс хаттармен марапаттады.