1 қазан – Халықаралық қарттар күні
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасы ауыл қариялары Г.Сопбекова, Н.Сманбаева, А.Қылышбаеваның қатысуымен «Қарттарым аман-сау жүрсін» атты кездесу кеші өтті.
Мақсаты: Көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ұлттық тәлім — тәрбиені бойына сіңірген, кішіпейіл, иманды, мейірімді, еңбекқор тұлғаны тәрбиелеу.
