“Қарттарын қадірлеген ел ардақты”

⚜️1 қазан – Халықаралық қарттар күні

⚜️Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен ардагер аналар Б.Нұрсейтова, А.Мамытова, К.Есалиева, А.Байболова, К.Бегімбетованың қатысуымен “Қарттарын қадірлеген ел ардақты” атты кездесу кеші өтті.

⚜️Мақсаты: Көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ұлттық тәлім — тәрбиені бойына сіңірген, кішіпейіл, иманды, мейірімді, еңбекқор тұлғаны тәрбиелеу.