«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» республикалық марафоны: «Зерделі қоғамға бастар жол»
Жазушы Сайын Мұратбековке – 90 жыл!
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасында №20 Жамбыл атындағы орта мектептің 5-сынып оқушылары мен кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Сайын даланың Сайыны» атты әдеби кеш өткізілді.
Мақсаты: Жазушы Сайын Мұратбековтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, әдеби мұрасын жас ұрпаққа таныстыру, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.