“Дін — ұлттың діңгегі”

🔰Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің Жуалы ауданы бойынша теолог маманы Р.Абделиев және ауыл тұрғындарының қатысуымен  “Дін — ұлттың діңгегі” атты имандылық сағаты өтті.

🔰Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, ауыл тұрғындарына қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыру.

 

             

«Жыр дастанымен туған — Қазанғап Байболов»

📚Халық ақыны Байболов Қазанғап — 135 жыл
📚Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата кітапханасында «Жыр дастанымен туған — Қазанғап Байболов» атты поэзия кеші өтті.
📚 Мақсаты: Халық ақыны Қазанғап Байболов өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, оның қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесін таныту.
                  

«Нашақорлық ғасыр дерті!»

✅26 маусым нашақорлықпен есірткіге қарсы күні

✅Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Нашақорлық ғасыр дерті!» атты денсаулық сағаты өтті.

✅Мақсаты: Оқырмандарға салауатты өмір салтын насихаттау, өмірге деген құштарлығын арттыру, жақсы мен жаманды айыра біліп, зиянды әдеттерден бойын аулақ салуға дағдыландыру.

 

                

«Туған жер — тал бесігім»

🔰Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Туған жер — тал бесігім» атты тәрбие сағаты өтті.

🔰Мақсаты: Оқырмандарға туған жердің тарихын білуге, қадірлеуге,қастерлеуге үйрету. Өз жерін сүюге, қорғауға үйрету. Рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерді бойына қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз ауылын, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

 

                

«Әке отбасы тірегі»

👨‍👧‍👦ӘКЕЛЕР КҮНІ

🔷Әке – отбасының асқар тауы, шаңырақтың берік тірегі. Оның мейірімі мен қамқорлығы, ақылы мен өнегесі әр баланың жүрегінде мәңгі сақталады. Әке – күштің, сенімнің және сүйіспеншіліктің символы.

🔷Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасы «Әке отбасы тірегі» тақырыбында кездесу кешін ұйымдастырды.

🔷Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, балаларын басқа да қырларынан тани отырып болашақта неге икемдеу керек екенін бақылау, Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екенін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту, ата-ана қадірін түсіне білуге баулу. #ЖуалыОКЖ

 

             

«КІТАПХАНАҒА КІТАП СЫЙЛА!» акциясы

📚🎀«КІТАПХАНАҒА КІТАП СЫЙЛА!» акциясы
📚Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы, Көкбастау ауылдық округінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Аташбек Әмірқұлұлы
“Туған жер тұғырың” атты кітабын Теріс, Бақалы, Қосбөлтек, Көктөбе ауылдық кітапханаларына сыйға тартты. Кітаптың тұсауын кітапхананың тұрақты оқырманы Жанымбаев Есмырза Бекболатұлы кесіп, авторға шығармашылық табыс пен зор денсаулық тіледі. Көкбастау ауылдық округінің әкімі Сейтаев Малік Берікұлы өз сөзінде Аташбек Әмірқұлұлының туған өлкенің тарихын зерделеп, оны кітап етіп жарыққа шығару арқылы өскелең ұрпаққа құнды мұра қалдырғанын атап өтті. Сондай-ақ «Туған жер тұғырың» кітабының туған жердің өткені мен бүгінін танып-білуге ықпал ететін маңызды еңбек екенін айтып, авторға шынайы ризашылығын білдіріп, шығармашылық табыс пен зор денсаулық тіледі. Кітапхана ұжымы Аташбек Әмірқұлұлына акцияға белсенді қатысып, ауыл кітапханаларының қорын құнды туындымен толықтырғаны үшін алғысын білдірді. 📚Мұндай игі бастамалар кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып, жас ұрпақтың туған жер тарихын танып-білуіне үлкен үлес қосатыны сөзсіз.

 

                    

 

“Діни тәрбие — рухани даму негізі”

🔰Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің Жуалы ауданы бойынша теолог маманы Р.Абделиев және ауыл тұрғындарының қатысуымен “Діни тәрбие — рухани даму негізі” атты имандылық сағаты өтті.

🔰Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, ауыл тұрғындарына қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыру.

                          

«Дін — ұлттың діңгегі»

🔰Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында Кәріқорған ауылының имамы Ә.Марасилов және кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Дін — ұлттың діңгегі» тақырыбында имандылық сағаты өтті.

🔰Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік жəне діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.

 

                   

«Шешендік өнердің шоқ жұлдызы — Бөлтірік шешен»

⚜️Шешен, батыр Әлменұлы Бөлтірік — 255 жыл

⚜️Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандардың қатысуымен «Шешендік өнердің шоқ жұлдызы — Бөлтірік шешен» атты ақпарат сағаты өтті.

⚜️Мақсаты: Шешен, батыр Әлменұлы Бөлтіріктің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оның шешендік өнердегі орны мен тарихи тұлғалық болмысын таныту, оқырмандардың рухани-танымдық деңгейін арттыру және ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыру.

 

                      

«Әке жүрегі — мейірім мекені»

👨‍👧‍👦ӘКЕЛЕР КҮНІ

🔷Әке – отбасының асқар тауы, шаңырақтың берік тірегі. Оның мейірімі мен қамқорлығы, ақылы мен өнегесі әр баланың жүрегінде мәңгі сақталады. Әке – күштің, сенімнің және сүйіспеншіліктің символы.

🔷Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасы және аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы қызметкерлерінің бірлесуімен «Әке жүрегі — мейірім мекені» тақырыбында мерекелік бағдарлама өтті. Шара барысында кітапхана қызметкерлері «Әке — шаңырақтың тірегі», «Әке — асқар тау» тақырыптарында кітап көрмелерін көпшілік назарына ұсынып, кітапханашы Г.Егеубаева библиографиялық шолу жасады.

🔷Мақсаты: Әке бейнесін дәріптеу, отбасыдағы әкенің жауапкершілігі мен рөлін насихаттау, өскелең ұрпаққа отбасылық құндылықтарды, әкеге деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру.